Bugin

Түркістан облысында 3 жасар қыз жоғалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: turkistantvkz

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының полиция бөліміне 3 жасар қыздың жоғалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Тұрғындардың арызы бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жас қыздың анасының айтуынша, ол есік алдында ойнап жүріп, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Жоғалған қызды төтеншеліктер, құтқарушылар, әкімдік қызметкерлері, еріктілер іздеуде. 

Қазіргі уақытта жақын маңдағы каналдар, өзендер, қараусыз қалған ғимараттар тексеріліп жатыр.