Bugin

Өзбекстанда өткен айтыста Мұхтар Ниязов жүлделі орын иеленді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Facebook/ Мұхтар Ниязов

2024 жылы 17 мамырда Өзбекстанның Науаи қаласында өткен Әйтеке бидің 380 жылдығына арналған халықаралық айтыста қазақ ақыны Мұхтар Ниязов бас жүлде иеленді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Халықаралық айтысқа Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Моңғолия және Қазақстаннан айтыскер ақындар бақ сынаған. Қазақстанның өзінен 10 ақын келіп, олардың алтауы еліміздің намысын қорғады.

Мұхтар Ниязов үш дүркін "Алтын домбыра" иегері атанған.