Bugin
Фото: freepik.com
Атырау облысы, Мәртөк ауданының Достық ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Өрт орнынан 1955 және 1958 жылдары туған екі адамның мәйіті табылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларының күшімен 90 шаршы метр аудандағы өрт жойылды, себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертті.