Bugin

Тағы да жер сілкінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Сейсмологтер Алматыдан 280 шақырым жердегі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі 18 мамырда Алматы уақыты бойынша сағат 12.10-да жер сілкінісін тіркеді. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9, магнитудасы – MPV 4,6, тереңдігі – 5 шақырым.

Қазақстан аумағында (MSK-64 шкаласы бойынша) жер сілкінісі сезілген жоқ.