Bugin
Фото: turkistantvkz
Семейде бір ай бұрын жоғалып кеткен ағайынды жасөспірімдердің бірі өлі табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Turkistantvkz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
7 сәуірде інісімен бірге жоғалып кеткен 18 жастағы қыздың денесі судан шығарылды. Ал, 2008 жылғы ұл бала әлі де іздестірілуде. 2005 жылы туылған Алтынай Әбішеваның денесі "Құрылысшы" профилакториясы жанындағы судан табылған. Аталған факт бойынша тергеу амалдары басталып, сараптама тағайындалды.
Құзырлы орган қызметкерлері жасөспірімдердің бірін іздестіру жұмыстарын әлі тоқтатқан жоқ. Тәртіп сақшылары, "Ұлттық ұлан" сарбаздары мен еріктілер қаланың әр ауданын аралап, барлық жерді тексеруде. Халық көп жүретін орындар мен компьютерлік клубтарды қарау да әзірше нәтиже бермей тұр. Ертіс өзенінің жағалауында да іздеу жалғасады.