Bugin

Алматы қаласы маңында тағы жер сілкінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Жер сілкінісі Алматыға 257 шақырым аумақта болған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 19 мамыр күні сағат 05:45-те жер сілкінісін тіркеді.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.5. MPV магнитудасы - 5.0. Жер сілкінісінің координаттары 41.75° с.е. 79.35° ш.б. Тереңдігі – 5 км.

Қазақстан Республикасының аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат – жоқ.