Bugin

Қолайсыз ауа райына байланысты Қазгидромет ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Синоптиктер болжамы бойынша 19 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында жаңбыр, бұршақ жауады. Республика бойынша шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді",- делінген хабарламада.

Еліміздің оңтүстігінде жел соғады, солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түседі.

Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қызылорда Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында жоғары өрт қаупі және Абай облысының оңтүстігінде, Үржар ауданында, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі бар.