Bugin

Әкім лауазымынан босатылған Ноғаев маңғыстаулықтарға үндеу жолдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Маңғвстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылған Нұрлан Ноғаев өңір халқымен қоштасу жазбасын жариялап, облысқа басшылық еткен кезеңінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, мемлекет басшысы мен әріптестеріне алғысын білдірді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ноғаевтың қоштасу жазбасы өңір әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

"Құрметті маңғыстаулықтар, қадірлі жерлестер! Өздеріңізбен бірге өңіріміздің дамуы мен игілігі үшін жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Үш жылға жуық уақыт бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев маған Маңғыстау облысын басқаруды тапсырды, осы үлкен сенімі үшін президентімізге рахмет айтамын. Осы үш жыл ішіндегі облыс игілігі үшін бірлескен нәтижелі еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын", - делінген жазбада.
 

Сондай-ақ Ноғаев әріптестеріне, әр деңгейдегі депутаттық корпусқа, барлық кәсіпорын ұжымына және Маңғыстау жұртына алғысын білдірді.