Bugin
Фото: ИРНА
Иран президенті мінген тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы IRNA-ға сілтеп.
Иран президенті Эбрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан, Тебриз имамы мінген тікұшақ Шығыс Әзірбайжан аймағында қатты қонған. Салдарынан тікұшақ апатқа ұшырады.
"Президент мінген тікұшақ Иранның солтүстік-батысындағы Шығыс Әзірбайжан аймағында тұманды ауа райы салдарынан жерге құлады, президент кортежі Тебриз аймағына бет алды", - делінген хабарламада.
Иранның ішкі істер министрі президент кортежінің тікұшағының апатқа ұшырағанын растады. Ол оқиға орнына құтқару топтарының жіберілгенін мәлімдеді.