Bugin
Фото: polisia.kz
Ақтауда қызды зорламақ болған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мектеп күзетшісі 10 жастағы қызды зорламақ болған.
Маңғыстау облысының полиция департаменті қаладағы мектептердің бірінде күзетшінің құйтырқы әрекетін анықтаған. Ол ойнап жүрген 10 жастағы оқушыны шақырып, қудалаған. Білім беру нысанының бұрынғы күзетшісі соттың санкциясымен екі айға қамауға алынғанын хабарлады. Қазіргі уақытта ол изоляторда.