Bugin
Фото: ntv.ru
Тайваньда депутаттар бір-бірімен төбелесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ntv-ға сілтеп.
17 мамырда депутаттар заң шығарушы органның өзінің жаңа реформалық жобасы үшін төбелес шығарған. Тайвань парламентінің депутаттары жұмыс күнін балағат сөздермен, төбелеспен және мемлекеттік құжаттарды ұрлаумен аяқтады.
Тіпті депутаттардың бірі заң жобасы салынған папканы жұлып алып, залдан шығып кеткен. Негізгі оппозициялық партия Гоминьдан парламентке үкіметті бақылау үшін көбірек өкілеттіктер беруді ұсынды. Алайда Лай Демократиялық прогрессивті партиясының жақтастары бұл түзетулерді "билікті конституцияға қайшы теріс пайдалану" деп бағалады.