Bugin

ІІМ түлектерге үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Ішкі істер министрлігі түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Құрметті ата-аналар мен түлектер! 25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өтеді. Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды жасайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады", - деді ресми өкіл.

Сондай-ақ, ресми өкіл іс-шара аяқталған соң тәртіп және сақтық шараларды сақтауға шақырды.

"Соңғы жылдардағы тәжірибеге сүйенсек, мектептердегі “соңғы қоңыраулар” аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлектер іс-шараларды өз бетінше жалғастырады. Өкінішке қарай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Өткен жылы мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында орын алды", - деді Шыңғыс Алекешев.

Одан бөлек, ата-аналардың бақылауынсыз балалар тыйым салынған жерлерде суға түскен. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы шомылуға арналған жерлерде  жасөспірімдердің суға кету жағдайы тіркелгенін де айтты.

"Осыны ескере отырып, ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 арнасына, ал төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.