Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жаңбыр. depositphotos.com

Синоптиктер елімізде 21-23 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынына болжам жасады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидромет орталығына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еліміздің көп бөлігінде жаңбырлы ауа райы кезеңі жалғасуда. Атмосфералық фронттар әсерінен найзағай ойнап, бұршақ жауады. Кей аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр жауады.  Атмосфералық фронттар барлық аудандарда қатты желдің күшеюіне әкеледі.Тек батыс аймақтарында жоғары қысымның әсерінен кейбір күндері жаңбыр тоқтауы мүмкін, әрі түнгі уақытта 2 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді.

Ал оңтүстік-батыс ағындары мамыр айындағы климат аясында температураның күндізгі жылынуына әкеледі. Батыс, оңтүстік аймақтарда 18-28 градус, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда 15-23 градус ауа температурасы жоғарылайды. Тек 23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде 7-15 градус төмендейді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61