Bugin
Фото: Сот үкімі. depositphotos.com
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Мақсұт Исаховтың ісін қарады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Исаховқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласындағы департамент басшысының бірінші орынбасарына пара бермек болды деген айып тағылды. Бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік сот басталғалы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.
Тергеушілердің айтуынша, Исахов өзіне қозғалған қылмытық істі жабу үшін 200 мың доллар пара ұсынған. Барлық айғақтарды ескере отырып, мемлекеттік айыптаушы Мақсұта Исаховты өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруды және 8,5 жылға соттауды сұрады. Қадағалау органы Исаховты "Құрмет" мемлекеттік орденінен айыруды ұсынды.
Сот үкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары 8 жыл 5 айын түрмеде өткізеді. Әкімнің экс-орынбасары сот үкімін онлайн тыңдады. Ол денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылған еді.