Bugin
Фото: Жоғары сот
Қуандық Бишімбаевтың балалары тегін өзгерткісі келеді. Бұл туралы Бишімбаевтың экс-әйелі Назым Қаһарман мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Желі қолданушылары Бишімбаевтың бұрынғы әйелінен "балаларыңыз тегін өзгерткісі келе ме?" деп сұраған.
"Әрине, өзгерткісі келеді. Тегіне дақ түсті. Бишімбай атаның өзі өте жақсы кісі болған. Өкінішке қарай Қуандық арғы атасының есімін масқаралап, қорлады", - деп жауап берді Назым Қаһарман.
Қуандық Бишімбаев пен Назым Қаһарманның ортақ 3 баласы бар.
/>