Bugin
Фото:иnstagram.com/gorzdravshymkent
Шымкент тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы үшем дүниеге әкелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы kyn.kz-ке сілтеме жасап.
24 жастағы жас ана мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында қалалық перзентханада босанған.
Дүниеге келген сәбилердің үшеуі де — ұл бала. Оларға Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед есімдері берілді.
Нәрестелердің бірінің салмағы — 1580 грамм болса, екіншісі — 1640 грамм, үшінші сәбидің салмағы — 1610 грамм.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар дәрігерлер үшемді алдымен жансақтау бөлімінде бақылауда ұстағанын, тиісті ем-шараларды жасап, кейін палатаға ауыстырғанын айтты.
Салмақ қосып, жағдайы жақсарған сәбилер мен жас ананы бүгін перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйіне шығарып салды.