БІЛІМ

98 кітап жазған француз жазушысы Оноре де Бальзак жайлы деректер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Оноре де Бальзак / bugin.kz

Бүгін, 20 мамыр – француз жазушысы Оноре де Бальзактың туған күні. Bugin.kz тілшісі әлем әдебиетіне өлшеусіз мұра қалдырған жазушының өмірі жайлы қызық деректер ұсынады.

- Бір минутта 30 сөз жаза алатын ерекше талантты жазушы 98 кітап жазған.

- Жазушы күніне 18 сағат бойы жазумен айналысқан. Сол себепті өзін "фраза шығаратын машина" деп атаған екен.

- Бальзак күндізгі жарықтан қорқып, түнгі уақытта шамның жарығы арқылы жұмыс істеген. Тіс дәрігері мен несие берушілерден де қатты қорыққан.

- Бальзак жары Эвелина Ганскаямен 16 жыл бойы хат алмасып жүріп отау құрған.

- Қарыздан көз ашпай, алаяқтарға жем болған Бальзак бар-жоғы 51 жыл өмір сүрді.

- Әлем әдебиетінде үлкен мұра қалдырған жазушы ауыр науқастан көз жұмды.