Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Тараздағы аулалардың бірінде ер адам әйелін аяусыз соққыға жыққан. Оқиғаға қатысты Жамбыл облысының Полиция департаменті түсініктеме берді, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.
Желіде Тараздағы аулалардың бірінде кешкі уақытта түсірілген видео тарады.
"Оқиға 19 мамырда Таразда болған. Видеода ер адам әйелді аулада ұрып-соғып, күштеп алып кетпек болып, оны көлікке қарай сүйреп жатқаны көрсетілген", - делінген видео сипаттамасында.
Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік беріп, құқықбұзушылық 19 мамырда емес, одан бұрын болғанын атап өтті.
Ведомство бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.