Bugin

25 жастағы жігіт ағасының ақшасын ұрлап, құмар ойынына салып жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Абай облысының 25 жастағы тұрғыны 2 млн теңге ұрлаған. Оны құмар ойынға салып жіберген, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ер адам өзінің ағасынан қоңырау шалу үшін телефон сұраған. Ол заңсыз түрде банктердің бірінің мобильді қосымшасына кіріп, кездейсоқ таңдау арқылы кодын ашып, өзінің жеке шотына 2 млн теңге қаражат аударған. Көп ұзамай жігіт ұрланған ақшаны букмекерлік кеңсеге тігіп жіберген.

"Сот құмар ойынға тәуелдіні ҚР ҚК-нің 188-бабында (Ұрлық) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындай отырып, сол мерзімге пробациялық бақылауды белгілеген",- делінген хабарламада.

25 жастағы ер адамның отбасы, кішкентай баласы бар екен.