Bugin
Фото: IRNA
Иранда президенттің қайтыс болуына байланысты бес күндік аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Елдегі қайғылы жағдай туралы жергілікті БАҚ-та ақпараттар жарияланды.
Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи президент Ибрагим Раисидің қайғылы қазасына байланысты қайғыратынын айтты. Ол Раисидің ұлтқа аянбай қызмет еткен білікті президент екенін атап өтті.
"Аятолла Хаменеи Раисидің халық пен елге қызмет етудегі тынымсыз күш-жігерін атап өтіп, оның кезіккен қиыншылықтарға қарамай, батыл болғанын атап өтті", - деп жазылған жергілікті басылымдарда.
Елдің қаза тапқанына байланысты бірінші вице-президент Мохаммад Мохберге президенттік міндеттерді қабылдауды және заң шығарушы және сот тармақтарының басшыларымен бірлесіп, 50 күн ішінде сайлауды қамтамасыз етуі тиіс.
Иранның президенті Раисиді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 мамыр күні өтеді.