Денсаулық
Израиль ғалымдары басып шығарған жүрек қазірдің өзінде қоянның жүрегін алмастыра алады.
Тель-Авив университеті ғалымдары адам қан тамыры мен жасушаларынан алғаш рет 3D-принтер көмегімен кішкентай тірі жүректі басып шығарды. Бұл туралы университет баспасөз орталығы хабарлады-деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
"Енді алдағы уақытта жүрек ауруына шалдыққан науқастар жылдар бойы жүрек донорының кезегінде тұрмайды немесе басқа ағзаны дене қабылдамауының алдын алу үшін түрлі дәрілер ішпейді. Бір сөзбен айтқанда жаңа медицинаға жол ашылды. Болашақта аурухананың өзінде әрбір науқас үшін дәл келетін қажетті ағзалар 3D-принтерде басылып шығады", – делінген хабарламада.