Bugin

Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: uza.uz

Еліміздегі су тасқыны болған аймақтарға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы uza.uz агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жөнелтілген. Көмекті Өзбекстан президентінің кеңесшісі Тұрсынхан Худойбергенов бастаған жұмыс тобы жеткізбек.

Су тасқынынан зардап шеккен халыққа 15 ірі жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек құрамында азық-түлік, әйелдер, балалар және ерлердің сыртқы киімдері, көрпе-төсек, жастық, гигиеналық құралдар, арнайы жабдықтары бар шатырлар, резеңке қайық жинақтары және басқа да қажетті тауарлар бар.