Bugin

"Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған". Ер адам досын атып өлтірді деген күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Таразда ер адамға оқ атылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алдын ала ақпарат бойынша қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған автоматтан оқ атылған. Полиция 28 жастағы қала тұрғынын өлтірді деген күдікті оның досы болып шыққанын мәлімдеді. 

Оқ "Калашников" автоматынан атылған, тіпті көрші үйлердің тұрғындары да бұл атысты естігенін айтады. 

"Адам өлімі фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Алдын ала ақпарат бойынша, Жамбыл облысы полиция департаментінің ғимаратынан қару ұрланған. Қазіргі уақытта олардың осы оқиғаларға қатысы тексеріліп жатыр", - дейді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.