Bugin

Үш облыстың оқушылары емтиханнан босатылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанның үш облысындағы оқушылар емтиханнан босатылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Білім министрі Ғани Бейсембаев үкімет отырысында мәлім еткендей, су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің 3,5 мыңнан астам оқушысы аралық және қорытынды емтихандардан босатылды.

Олардың арасында Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының  оқушылары бар. Олар үшін қорытынды балл жылдық бағаларға қарап қойылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, 9 және 11-сынып түлектері үшін бітіру емтихандары 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Сертификаттарды тапсыру рәсімі 12-15 маусымға жоспарланған.