Bugin
Фото: depositphotos.com
Батыс Қазақстан облысында дүниеге бала әкелмек болған ана қаза тапты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға туралы деректер енді ғана белгілі болды. БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 15 мамырда Жаңақала ауданының орталық ауруханасында әйел босану үстінде көз жұмған.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі:
"Аталған факті бойынша Жаңақала аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп, сараптама тағайындады", - деп хабарлады.
Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қазір тергеу басталғанын айтты. Ведомство сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққан соң жағдайға қатысты түсініктеме бере алатынын хабарлады.