Bugin

Аты шулы "Айканың тізіміне" қатысты сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/

Алматы қаласының Әуезов аудандық соты М. мен Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Жоғарғы сот таратқан ресми ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Былтыр желтоқсан айында элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы Айкаға қатысты деректер әлеуметтік желілерде тарап кеткен еді. Онда адамдардың жеке деректер мен суреттері ашық көрсетілген. Тарап кеткен дерек ел арасында "Айканың тізімі" деген атауға ие болған еді.

Бүгін жабық сотта "Айка тізіміне" қатысты сот үкімі шықты. Іс бойынша 2 адам айыпталды.  

Тергеу органы М.-ны аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз иемденді, сақтады және тасымалдады, сондай-ақ 52 эпизод бойынша бір топ адамдармен жеңгетайлық жасады деп айыптады. Екінші күдікті Т.-ны бір топ адамдармен 12 эпизод бойынша жеңгетайлыққа көмектесті деп айыптады.

М. 6 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды. Т.-ға 3 жыл 8 ай  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.