Bugin

Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Бүгін Жайық 4 сантиметрге көтерілді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Бүгін, 21 мамыр сағат 08.00-дегі жағдай бойынша Атырау облысындағы Жайық өзені деңгейі туралы жедел мәлімет жарияланды.

20 мамыр сағат 8.00-дегі жағдаймен салыстырғанда:

Индербор - 5 см, су деңгейі - 1011 см, шекті деңгейі - 845 см.

Махамбет + 5 см, су деңгейі - 1020 см, шекті деңгейі - 850 см.

Атырау қ. + 4 см, су деңгейі, 577 см, шекті деңгейі - 550 см.

Жаңаталап + 3 см, су деңгейі - 419 см, шекті деңгейі - 500 см.

Еркінқала ауылы + 3 см, су деңгейі - 377 см, шекті деңгейі - 450 см.