Bugin

Жазда жасау керек маңызды нәрселер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Жаз – күннің шуағынан лаззат алып, әр сәтті көңілді өткізуге арналған мезгіл. Bugin.kz порталы жазда айналысуға болатын қызықты істердің тізімін ұсынады. Уақытыңызды тиімді пайдаланып, отбасыңыз бен жақындарыңызға көңіл бөліңіз.

1. Жаңа құрам бойынша ас әзірлеңіз. Маусымдық жемістер мен көкөністерді пайдаланып бұрын дайындамаған тағам жасап көріңіз. Жазда өсетін маусымдық өнімдерде пайдалы дәрумендер мен минералдар көп болатынын естен шығармаңыз.

2. Көкке шығу. Достарыңызды немесе отбасыңызды жинап, табиғатта демалып қайтыңыз. Дәмді тағам мен сусын дайындаңыз, жасыл шөпке көрпе жайыңыз. Ең бастысы – таза ауа мен тылсым табиғаттан энергия жинаңыз.

Фото: depositphotos

Фото: depositphotos

3. Кеш ұйымдастырыңыз. Достарыңызды үйіңізге шақырып, белгілі тақырыптағы кеш ұйымдастырыңыз. Көңілді ойын ойнаңыздар немесе қызық фильм қарауды ұсыныңыз. 

Фото: depositphotos

Фото: depositphotos

4. Ашық аспан астында фильм қараңыз. Сүйіктіңізбен уақыт өткізуге арналған керемет идея. Өз қалаңыздағы аспан астындағы кино-жобалармен алдын ала танысып, бір күнді белгілеп барыңыз. 

5. Тауда түнеңіз. Жаздың жайма шуақ күндерінің бірін тауда қарсы алу – үлкен бақыт. Таңнын атқанын және кештің батқанын бақылай отырып, сол сәттің ләззатын сезініңіз. 

Фото: depositphotos

Фото: depositphotos