Bugin
Фото: Азамат Сатыбалды. "1001 түн" бағдарламасынан скриншот
Ұлттық арнадағы "1001 түн" бағдарламасына танымал актер Азамат Сатыбалды қонаққа келді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі бағдарламаға сілтеме жасап хабарлайды.
Азамат Сатыбалды 2023 жылы шілде айында Ш.Айманов атында,ы “Қазақфильм” АҚ президенті қызметіне тағайындалған еді. Ол қызметіндегі, өнеріндегі жаңалықтарын айтты.
Азамат Сатыбалды “Соңғы үкім” фильмінде Ахмет Байтұрсыновтың рөлін сомдаған еді. 20 маусымда киноның жабық көрсетілімі де өткен. Актер бұл рөлді сомадуға жүрексінген. Алайда, сценарий авторы Ғалым Доскен оны Ахмет образын ойнап шығуға көндірген. Бұл фильм кинопрокаттқа 23 мамыр күні шығады.
Ол “Қазақфильмдегі” лауазымды қызметі туралы:
“Мен 28 тамыз күні бұл қызметке тағайындалдым. Енді тамыз айында есеп беремін. “Қазақфильмдегі” кино түсіруге мүлде келмейтін, кино түсіруге қарама-қайшы сол қолмен жасалған заңдардың бәрін қалпына келтіріп, қайтадан жасап жатырмыз. Жақын арада заңға өзгеріс енгізбесек болмады. Ол заң 2017 жылы шығарылған "Кинематография туралы" заң "Қазақфильмге" қарама-қарсы жұмыс істеді. "Қазақфильмнің" аяқ-қолын матап тастаған. Ешнәрсе істеуге болмайды. Соны президентке кіріп, ұсыныс айту арқасында шешіп жатырмыз. Төрт ұсыныс айттым, төртеуі де қабылданды",-деп айтты.
Азамат Сатыбалды Қазақфильмнің ғылыми-орталық болуы керек екенін айтты. Ол:
"Келесі жылы не түсіретінімізді білмейміз. "Қазақфильм" негізі 5 жылдан соң, 6 жылдан соң не түсіретінін біліп отыру керек. Соған дайын болуы керек. Заң өзгеріп жатыр. Оны министр Аида Ғалымқызы қадағалап отыр",-деп айтты.