Bugin
Фото: depositphotos.com
Елімізде нутрицология ғылымы енді таныла бастады. Нутрицолог Айгерім Биболатқызы ағзаға ең зиянды 3 өнімді атады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Маман қазір адамдар тіпті ет жеп те бүйректерін зақымдап алып жатқаны туралы айтты. Ол:
"Нутрицологияны зерттеп, ел арасындағы ақпараттарды көбейту керек. Себебі қазір пациенттерімнің ақазаны мен бүйрегін қарасам, еттен де асқыну болып жатыр. Қазір көп қыз-келіншектер де бүйрек зақымдануы байқалады. Неге? Еттің қалдығы – аммиак, зәр қышқылы бүйректен шығу керек. Олар бүйректе тұрып қап, бүйректі зақымдап жатыр. Соның салдарынан инфекция жиналып, бүйрек зақымдануда. Мен сол жағдаяттан соң, пациенттерге "ет жеме" деп айтсам, "біздің ата-бабамыз ет жеді ғой" деп ренжейді. Ата-бабамыз бір қойдың етін жеді. Бірақ олар қимылсыз, бір орында отырған жоқ қой. Оларда қимыл-қозғалыс көп болды",-деп айтты.
Нутрицолог табиғи өнімдкрдің азайып, ұзақ уақыт сақталатын тағамдардың кең таралғанын уайымдайды. Әйгерім Биболатқызы:
"Қазір ауылдың өзінде нан пісірмейді, чиккен, донер секілді жылдам дайындалатын асты үйіне дейін жеткізіп беретін қызметтер қолжетімді. Қазір қозғалыстың аздығы қалада ғана емес, ауылда да өзекті болуда. Қозғалмағаннан бөлек, дүкен сөрелеріндегі ұзаққа сақталатын жасанды өнімдерге жақынбыз. Қант, ашытқы қосылатын ұн өнімдері, ұзақ сақталатын сүт өнімдері – қазақтың денсаулығының нашарлауына жеткілікті",-деп айтты.