Bugin

“Селтеңдеп жүріп тапқаным осы”: жат ағымның құрбаны болған келіншек сырын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Жат ағымның құрбаны болған Жансая Таңатарова өкінішін айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Taunews YouTube арнасына сілтеме жасап. 

Жазасын өтеуші түрмеге тоғытылғанымен шындықты біразға дейін мойындамаған екен. Ол өзге дінге кіріп кетуінің себептерін жасырмады.

“Жақсы отбасыда дүниеге келдім. Әкем – мал дәрігері, анам – есепші. Үлкен әпкем – дәрігер, екінші әпкем – мұғалім, ағам – заңгер еді. 17 жастан асқанымда айналамдағы адамдар бахабис атымен танылғандар бола бастады. Ағамның артында намаз оқығанда ұйымауды шығардым. Барлық хадис пен аятты тура мағынада түсіне бастадым. Киімдеріміз қара түсті болып өзгере бастады. Орамалды түсіре бастадық. Өзімізді бүркей бастадық”,- дейді келіншек.

Жансая Таңатарова өзге ағымның адамдары сенімге кіретінін, кейін кітаптар мен видеолар ұсынатынын да жасырмады. 

“Адамдардың өзге дінге кіруінің алғашқы белгісі – киімі өзгереді. Кейін сана-сезімі өзгереді. Мінезі өзгереді. Адам дөрекілене бастайды", - деді жазасын өтеуші.

Жансая Таңатарова өз істеген ісіне өкінетінін, өмірін қор қылып алғанын айтып, жылады.