Bugin
Фото: freepik.com
Алматы облысында кәсіпкер балалар үйіне нанды 350 теңгеден өткізіп отырған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Кәсіпкерлер қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығына қымбат бағада нан өткізген. Олар 140 теңге тұратын 1 бөлке нанды 354 теңгеге саудалаған. Сондағы кәсіпкердің қосқан үстемесі – 153 пайыз.
120-дан аса бүлдіршін тәрбиеленетін мекеме наннан бөлек, қарақұмық, күнбағыс майы, қантты да қымбатқа алуға мәжбүр болған.