Bugin
Фото: freepik.com
Павлодарда жиеніне азғындық жасаған ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Bugin. kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдікті бүгінгі күнге дейін кінәсін мойындамаған және моральдік шығынды өтемеген. Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы жас балаға қатысты азғындық әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.
Оқиға 2023 жылы 7 қыркүйекте болған. Ер адам масаң күйде туысының үйіне келген. Ол үйде үлкендердің жоқтығын пайдаланып 1-сынып оқитын жиеніне азғындық әрекеттер жасаған.
Істің мән-жайын заң күшімен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды.
Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.