Bugin

Медициналық академия оқытушысын белгісіз біреу ұрып өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: otyrar.kz

Шымкентте академия оқытушысы ауыр соққыдан қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы otyrar.kz-ке сілтеп.

Алдын ала мәлімет бойынша ер адамды біреулер ұрып өлтірген болуы мүмкін. 

Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясының профессорын ес-түзсіз жатқан жерінен көшеден өтіп бара жатқан адамдар тауып алған.

16 мамыр күні түнде 1967 жылғы азамат ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Мамандар мидың ауыр жарақатымен науқасты жансақтау бөліміне жатқызғаны белгілі болды. Алайда профессор комада жатқан күйінде ес жимастан көз жұмған.

"Науқасты қабылдау бөлімшесіндегі нейрохирург, травматолог, хирург, реаниматолог тексеріп, тексеруден өткізіп, "жабық бас-ми жарақаты" диагнозымен өте ауыр жағдайда, асперациялық синдром, кома 3-пен жансақтау бөліміне жатқызды. Науқасқа қойылған диагноз "Мидың ауыр жарақаты. Жансақтау бөлімінде науқасқа қарқынды емдеу терапиясы жургізіліп, өкпенің жасанды желдету аппаратына қосылды. Өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылғанына қарамастан жарақатының ауырлығына байланысты науқас ес жимастан 20 мамыр күні сағат 13:00-де қайтыс болды", - дейді хирург Мадияр Дүйсенов.

Жаға ұстатар жайтқа қатысты әлеуметтік желіде екі нұсқадағы ақпарат тарап жатыр. Полиция мәліметінше, күдікті құрықталған.