Саясат
Сот оның жүктілігі мен туған баласы барын ескерген
Түркістан облысының Жетісай қаласында өгей қыздарын қорлап келген әйел үй қамағына алынды. Сот 28 жастағы әйелдің жүктілігін ескеріп, оны түрмеге жібермеді. Десе де әйелдің кінәсі дәлелденсе, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Күйеуінің бірінші некесінен туған қыздарға сұмдық әрекеттер жасап, қинап келген 28 жастағы өгей ана бүгін аудандық сотқа күшейтілген күзетпен жеткізілді. Алайда ол 2 айға үй қамағына алынды. Сот оның жүктілігі мен туған баласы барын ескерген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісай қаласында өгей ананың үш қызына қорлық көрсетіп келгенін хабарлаған едік. Қыздардың денесіндегі жараларды мектеп мұғалімдері көрген. Директоры полицияға хабарласқан соң, істің ақ-қарасы анықтала бастады.