Bugin
Фото: pixabay
Ойлау қабілеті мен таным көкжиегін кеңейтудің ең тиімді тәсілі - саяхат. Әлемде көптеген адамдар жаз келсе ең әуелі саяхатты ойлай бастайды. Bugin.kz тілшісі аптап ыстықта әлемнің қай елінде жазғы демалысты өткізуге болатынын анықтады.
АҚШ-та көптеген ыстық штаттар бар. Бірақ, елдегі Аляска штаты өзгелерден ерекше. Оның солтүстік бөлігінде тіпті жаздың ортасында температура 0-5 градустан аспайды. Аляскада жағажайдағы ыстық құмға қарағанда суық мұз бен қарды кездестіруге болады. Қазір Аляскада температура: +5°–19°
Норвегияның астанасы Осло ыстыққа шыдамайтындар үшін таптырмас қалалардың бірі. Мұнда жаз бойы күнге күю қаупін ойламастан серуендеуге болады. Мұнда қыс жұмсақ, ал жаз тым ыстық емес. Кең жазықтар, суық таулар мен ауа райы туристерді өзіне баурап алады. Норвегияда қазір ауа температурасы: +2°–24°
Австралия және Жаңа Зеландияда жаздың орнына қыс болады. Туристердің көпшілігі серфинг пен жағажай демалысы үшін осы елдерге барады. Дегенмен мұнда шілде мен тамыз айларында ми қайнатар ыстық ауаның орнына ыңғайлы күн райы болады. Сол себепті дәл осы айларда елде туристер көп жиналмай, тұрғын үй бағасы төмендейді. Аустралия мен Жаңа Зеландиядағы температура қазір: +3°–26°
Ал Аргентинада ыстықтан жасырынып қана қоймай, мұздықтарды тамашалауға болады. Ол үшін елдің солтүстігіндегі Эль-Калафата қаласына саяхаттау қажет. Артынша Патагонияда жаз мезгілінде шаңғы тебуге болады. Қазір Аргентинада ауа температурасы: -2°–+19°