Bugin
Фото: ТЖМ
Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен отбасылар әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бір облыста бүгінге дейін су тасқынынан зардап шеккен 8 мың 882 отбасыға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 3,2 млрд теңге біржолғы әлеуметтік көмек берілген.
Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, тұрғындардың шығынын есептеу жөніндегі комиссия қорытындысы бойынша үйлерін жөндеуге 253 отбасыға 422 млн теңге қаржы төленген. Енді алдағы уақытта тұрғындардан түскен өтініштер негізінде төлемдерді беру жалғасады.
Сондай-ақ, елде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Бөрлі ауданында 58 үй, Теректі ауданында 5 үй сатып алынатыны белгілі болды.
Облыс әкімдігінің ақпаратында Нариман Төреғалиевтің тапсырмасы аясында Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарының шығынын есептеу және материалдық көмек төлеу жөніндегі комиссия штаттық режимде жұмыс істеп жатқаны туралы жазылған.