Bugin
Фото: ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы. Ведомстводан
Бүгін, 22 мамырда Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Мәжіліс 3 бірдей жаңа заң жобасын жұмысқа алды.Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады:
– Биржа саудасы мәселелері бойынша;
– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер;
– Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне (Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) өзгеріс енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары.
Үш заң жобасынан бөлек спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту туралы заң жобасы қаралып жатыр.