Bugin
Фото: instagram.com/raisi.ir
Тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Раисидің жерлеуіне Қазақстан атынан кім баратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл шараға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрагим Раисидің қайтыс болуына байланысты Тегеранда көңіл айту және құрмет көрсетуге арналған іс-шараға қатысады", - делінген Мәжіліс таратқан ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, 20 мамырда Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты. Бұл туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. Тікұшақта Иран президенті Ибрахим Раиси мен елдің сыртқы істер министрі Хосейн Амир-Абдоллахян де болған.