Bugin
Фото: видео скрині
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Адам саудасына байланысты қылмыстар қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны айтылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәжіліс "Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" заң мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі "Адам құқықтарын қорғау саласындағы одан әрі шаралар туралы" Жарлығын іске асыру мақсатымен әзірленген.
"Негізгі заңға жаңа ұғымдар енгізіліп, кейбір анықтама халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Сондай-ақ адам саудасы құрбандарының құқықтары, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық негіздері де қарастырылды", - делінген ресми хабарламада.
Ілеспе түзетулерде Қылмыстық кодекске жаңа санат – адам саудасымен байланысты қылмыстар енгізіледі.
Сонымен қатар жаңа заңда адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысушылардың татуласу мүмкіндігі алынып тасталады.
Қылмыстық-процестік кодексі жәбірленушінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу құқығымен толықтырылады.