Bugin

БҚО-да 73 жастағы қария 10 жылға сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

73 жастағы қазақстандық әйелін өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "әйелін өлтірді" деп айыпталған зейнеткерге қатысты істі қарады. Қария өз әйелімен 48 жыл бірге тұрған.

"Көрсетілген тұлғаға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыс жасады деген айып тағылып,  10 жылға бас бостандығынан айырылды. М. баумен тұншықтырып, кейін қолымен қылқындырып өлтірген", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Белглі болғандай, сот отырысында сотталушы істеген ісіне өкінетінін айтып, кінәсін мойындаған.