Bugin

Құлсары қаласындағы наразы халық тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Үй бағалау нәтижесіне байланысты жұмыстар. Жылыой ауданы әкімдігі

Бүгін, 22 мамырда Жылыой ауданындағы су тасқынына байланысты өтемаөқы өндіруге қатысты наразы халық тарады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Жылыой ауданының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Халықтың наразылығы 1 апта бұрын, 15 мамыр күні бастау алған еді.

Әкімдік Instagram парақшасында:

"Жылыой ауданының әкімдігі Құлсары қаласының тұрғындарына зардап шеккен тұрғын үй үшін өтемақы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарағаны үшін ризашылығын білдірді. Алда үлкен және өте маңызды қалпына келтіру жұмыстары тұр.

Қала алаңы қалыпты өмірге оралды, бейбіт жиналысқа қатысушылардың шатырлары жиналды. Барлық қоғамдық орындар қалыпты режимде жұмыс істеуде",-деп мәлімдеді.
 

Қазір бағалау нәтижелерімен келіскен қала тұрғындары мен әкімдік арасында шарттарға қол қою жергілікті Мәдениет үйінде жалғасып жатыр. Алайда "Азаттық" радиосы бағалау нәтижесіне наразылар бар екенін хабарлады.