Bugin
Фото: Isaiah J. Downing/Reuters
Америкалық миллиардер Джефф Безостың Blue Origin компаниясы екі жылға жуық үзілістен кейін ғарышқа алты турист жіберді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі www.dw.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
New Shepard зымыран тасығышы мен капсуласы Батыс Техастан ұшырылды. Кемеде алты турист бар.
Ұшу кезінде кеме сағатына 3200 шақырымнан астам жылдамдыққа жетіп, Жерден шамамен 100 шақырым биікке көтерілді. Осылайша ғарыш саяхатшылары планетаға орбитадан қарады. Тұтастай алғанда, ұшу 10 минуттан аз уақытқа созылды.
2021 жылдың шілдесінде миллиардер Джефф Безос Blue Origin компаниясының New Shepard зымыранымен ғарышқа ұшты. Ұшу кезінде бортта Безостың ағасы Марк, 82 жастағы ұшқыш Уолли Фанк және 18 жастағы голландиялық Оливер Демен болған. Демен ғарышқа саяхат жасаған тарихтағы ең жас адам болды.