Bugin
Фото: Bugin.kz
Синоптиктер Қазақстанда 23, 24 және 25 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Метеорологтардың болжауынша, республиканың басым бөлігінде алдағы үш күнде қолайсыз ауа райы сақталады. Республиканың барлық аумақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
24-25 мамырда Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады. 25 мамырда орталығында жауын-шашын жауып, арты қарға айналады. Тек кей күндері ғана батыс және оңтүстік облыстарда жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтайды.
"Республиканың батыс, солтүстік және солтүстік-батысында 3 градусқа дейін аяз болады. Солтүстік-батыс облыстарда 5-13 градусқа дейін төмендейді. Ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік-батыс ағындары ауа температурасының 20-30 градусқа дейін көтерілуіне әсер етеді", - делінген хабарламада.