Bugin
Фото: GLOBAL LOOK PRESS.
Singapore Airlines ұшағы турбулент аймағында 6000 футқа құлаған. Куәгерлер оқиға қалай болғанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі aif.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бортында 211 жолаушы мен 18 экипаж мүшесі бар Boeing 777-300 ұшағы Лондон-Сингапур бағытына бет алған. Олар турбулент аймағында 6000 футқа құлаған. Борттағы екі адам алған жарақатынан көз жұмған. Қазір 70-тен аса адам жарақатына байланысты ем қабылдап жатыр.
Куәгер Эндрю Дэвис қайғылы оқиға туралы:
"Қауіпсіздік белбеуін бекіту белгісі жанды. Мен бірден белбеуді тағып алдым. Содан кейін ұшақ бірден төменге құлдилай жөнелді", - деп жазды.
Ер адам ұшақта жолаушылардың заттары шашылып кеткенін жазды. Тіпті борттағы кофе мен су жолаушылардың үстіне төгілген.
Джафран Азмир ұшақ қатты жылдамдықпен төменге құлдилағаны туралы:
"Қауіпсіздік белдігі дұрыс тағылмаған жолаушылар төбеге ұшып кетті. Кейбіреулер жүк салғыштарына бастарын соғып, жарақат алды", - деп түйіндеді ол.
Ұшақ турбулент аймағынан өткеннен кейін жарты сағатта шұғыл Бангок әуежайына қонған. Оқиғаны мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.