Bugin

Коронавирустың жаңа түрі анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейде коронавирустың FLiRT нұсқасы анықталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Спутник радиосы" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

COVID-19 FLiRT жаңа штаммы иммундық жүйесі әлсіреген адамдарға қауіп төндіруі мүмкін, деп хабарлады Ресей денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері Елена Малинникова.

Оның айтуынша, әлемде коронавирусты жұқтыру жиілігінің артуына FLiRT себеп болған. Адамдар бұл штапмты әдеттегі ауру ретінде қабылдағанмен, егде жастағы адамдар мен созылмалы дертке шалдыққандар ауыр зардаптарға тап болуы мүмкін.

Вирусолог "Звезда"телеарнасына берген сұхбатында:

"Иммуносупрессивтік (иммундық жүйенің қандай да бір себептермен әлсіреуі – авт.) жағдайы бар адамдар бұл инфекцияның өршуіне себеп болуы мүмкін", - деп атап өтті

 Маман профилактикалық шараларды жүргізуге, таза ауада көбірек уақыт өткізуге, қолды жууға және үй-жайларды желдетуге кеңес берді.