Bugin

7-сынып оқушысы кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: батыр бала. Астана қаласының әкімдігі

Астанада 7-сынып оқушысы кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 Ақан Әкімжанов 7-сыныпта оқиды. Ол   4-қабаттан құлайын деп тұрған  кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалған.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек батыр баламен кездесті. Жеңіс Қасымбек бұл туралы Instagram парақшасына:

"Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр! Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде.

Ақанға планшет пен бір миллион теңге сыйға берілді. Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетеміз", - деп жазды