Bugin
Фото: Теңге. depositphotos.com
Бай және табысты адамдар ұйқының мыңызын жақсы біледі. Адамның ұйықтауға дейінгі 2 сағаты – жақсы ұйқының негізі. Ол уақытты қалай өткізуге болатыны туралы Bugin.kz тілшісі dzen.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жеңіл жаттығу жасау
Джоэл Гаскоин, Buffer бас директоры, ұйықтар алдында 20 минуттық серуенге шығады. Оның айтуынша, серуендеу ой-сананы тыныштандырып, баяу шаршау жағдайына келтіруге көмектеседі.
Егер сіз үнемі шиеленіс пен күйзелісте жүретін адам болсаңыз, онда бұл әдісті қолданып көргеніңіз жөн.
Өткен күнге шолу жасау
Стив Джобс – өнімді өмірді жақтаушылардың бірі. Сондықтан ұйықтар алдында күнді қалай өткізгенін ойлайды.
Барлық табысты және бай адамдар ұйықтар алдында қандай жетістіктерге жеткені сол күн қаншалықты нәтижелі болғаны туралы ойлайды.
Санадағы ойды қағазға жазу
Американың ең танымал шоуларының бірінің жүргізушісі Эллен ДеДженерес ойлары мен сезімдерін жазуды әдетке айналдырған. Бұл әдіс оған проблемаларды көруге және мүмкіндігін бағалауға көмектескен.
Теодор Рузвельт, Томас Джефферсон, Чарльз Дарвин, Бенджамин Франклин, Эндрю Карнеги және Уинстон Черчилль сияқты көптеген табысты адамдар күнделік жүргізген. Неліктен бұл әдісті қолданып көрмеске?
Жылы суға шомылу
Көптеген адамдар ұйықтар алдында жылы душ қабылдайды. Бірақ көптеген табысты адамдар ваннаны жақсы көреді. Ph.D., профессор Джойс Уолслебен ұйықтар алдында ваннаға 20-30 минут шомылуды әдетке айналдырған.
Бұл әдісті режиссер Том Фордта дақолданады. Ол алдымен иттерін серуендетеді, содан кейін ваннаға түседі. Теледидар көреді немесе кітап оқиды, содан кейін ғана төсекке жатады.
Оқу
Жақсы ұйықтау үшін экраннан алыстау керек екендігі ғылыми дәлелденген. Билл Гейтс ұйықтар алдында бір сағаттай кітап оқуға жұмсайды. Жаңа білім алып, интеллектіңізді дамиды. Кітап оқу арқылы ұйқыңызды жақсартуға және стрессті азайтуға болады.