Bugin

Енді Бишімбаевтың балалары ата-әжесін, әкесін көрмейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желіден

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін  24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман балаларының әкесімен кездесуіне қарсы, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап жазғанда айтты.

Әлеуметтік желідегі сұрақ-жауап айдарында "Сіз болашақта балаларыңыздың ата-әжесімен, әкесімен араласуына рұқсат бересіз бе?" деп сұраған оқырмандары. Назым Қаһарман бұл сұраққа үзілді-кесілді "жоқ" деп жауап берген.

"Болған оқиғаны ескере отырып "жоқ" деймін. Балаларымның жүрегі мен санасын зорлық-зомбылықты ақтау туралы ойлармен улағандарын қаламаймын", - деп жазды Назым Қаһарман.

Фото: әлеуметтік желіден

Фото: әлеуметтік желіден
Естеріңізге сала кетейік, 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев пен оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның арасында ортақ үш бала бар.