Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Видеодан алынған скриншот
Бекзада Қонқашева “Көреміз” бағдарламасында қызының күйеуінен зәбір көріп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
“Әр келген сайын қолы, беті, көзі көгеріп келеді. Не болғанын сұрасаң, “жәй” дейді. Осылай көгеріп жүргеніне 5 жыл болды. Аяғы, саны тілгіленіп келеді. Не болғанын айтпайды. Күйеуі баяғыдан пышақпен тіледі. Мені боқтап тастайды”,- дейді Бекзада Қонқашева.
Ер адамды әйелі де, әйелінің анасы да сотқа берген. Бірақ оны әкесі шығарып алатын көрінеді. Бекзада Қонқашева күйеубаласының танысы көп екенін жасырмады.
“Бәрін әкесі шешіп береді. “Маған ешкім ештеңе істей алмайды, менің әкем бар”, - деп отырған бала ол. Байланысы, танысы көп. Босап шығып кете береді”,- дейді кейуана.
Күйеуінің зәбір көрген келіншекте студияға келді. Мадина Түсіпова күйеуінің отбасы бар екенін білмеген.
“Ол маған ажырасқанын айтты. Қағазын да көрсетті. Олар ажырасып, қайта некелескен екен. Мен оны 1-2 жылдан кейін білдім. Бірақ сөйлесе бердім. Жақсы көрдім. Бірінші әйелімен бірге тұрдық. Мен оның азаматтық некедегі тоқалы болдым”,- дейді Мадина Түсіпова.
Бойжеткен күйеуінің зорлық-зомбылығына бұдан әрі шыдай алмайтынын айтты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61